Қабанбай батыр проспект
ЧАЙХАНА NAVAT
Біздің қорымызда Шығыс халықтарының мақтанышына айналған, бәрімізге бала күнімізден таныс дәмді тағамдар жиналған, олар: күріштің ең жоғарғы сұрпынан әзірленген, иісі мұрныңызды жаратын, шашыраңқы палау, кеспесі созылмалы, сяйінің дәмі тіл үйірер лағманның барлық түрлері, жұқалап жайылған қамырдан жасалған, ішіндегі ет салмасы татымды, еппен түйілген мәнті және де ерекше салтанатты Хан палау – наннан жасалған қобдишаға салынған шашыраңқы палау мен дәмді ет жегенді ұнататындарға – маргелан бәліші, дәстүрлі шығыс тәттілерін сүйетіндерге – тау балы, жаңғақ пен кептірілген жемістер қосылған чак-чак
ЧАЙХАНА NAVAT
БІЗДІҢ АСХАНА
Кез келген шығыс халқының шайханалары секілді, біздің шайханада да нағыз таза шөптерден, жемістерден және жұпар иісті дәмдеуіштерден жасалған үй шайларының топтамасы жинастырылған. Дәмді, тойымды астан кейін, жұпар аңқыған, бойыңызды жылытатын, тәтті шайды ішіп отырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызбен, достарыңыз бен әріптестеріңізбен әңгіме-дүкен құрып, демаласыз
ЧАЙХАНА NAVAT
Вип залдар
Отбасылық мерекелерді өткізуге өте қолайлы. Шығыс елдерінің ғасырлар бойы жалғасқан қонақ күту дәстүрлерін, отбасылық құндылықтарын және үлкендерге құрмет көрсету салтын сақтап, қастерлейміз.